seisembaeva.zhanar image

Сейсембаева Жанар Айтбергеновна

руководитель


Сейсембаева Жанар Айтбергенқызы 1980 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында туған. Ұлты-қазақ. 1996 жылы Ш.Уалиханов атындағы мектепті бітірген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша оқуға түсті. 2000 жылы университетті бітірді. 2000-2002 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша магистратурада білім алды. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кандидаттық диисертациясын қорғап, «Филология ғылымдарының кандидаты» дәрежесін алған. 2020 жылы әдебиеттану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды. 2015 жылы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық иегері. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2019 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны және қажырлы еңбегі үшін «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталған. 2022 жылы Абай университетінің ректоры Д.Биляловтың Алғыс хатымен марапатталған. 2023 жылы Алматы облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2023 жылы ҚР ҰҚП Атамекеннің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2009 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де ғылыми зерттеу институтының директор орынбасары, 2018 жылы Бас ғалым хатшы қызметтерін атқарған. 2019 жылдан Академик С.Қирабаев атындағы қызық тілі мен әдебиеті кафедрасында қауымдастырылған оқытушы қызметін атқарады.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау