jumaqanov.sultan image

Жұмақанов Сұлтан Қадырбекұлы

директор


Мен, Жұмақанов Султан Қадырбекұлы, 1997 жылы 9 сәуірде Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келдім. 2015 жылы Талғар қаласындағы дарынды балаларға арналған 7 мектеп-лицейін "Алтын белгі" көрсеткішімен аяқтап, 2019 жылы ҚазҰУ білім ордасын "Үздік диплом"-мен тәмамдадым. 2021 жылы ҚазҰУ магистр дәрежесін алдым. Білгенімді айналамдағы адамдарға үйретуді мектеп кезінен бастап, басында інілерімді, одан соң сыныптастарымды, одан бері келе мектебімнің оқушыларына қосымша өткізіп, мұғалімдік жолымдағы алғашқы қадамдарымды сол кезде бастағам. Университет қабырғасында жүріп әртүрлі білім беру орталықтарында және жеке оқушылармен әртүрлі жарыс, олимпиадаларға дайындаумен айналысқанмын. Шәкірттерім Мәскеудегі МГУ, Назарбаев зияткерлік мектептерінде, Қазақ-Түрік лицейлерінде, РФМШ секілді білім мекемелеріне оқуға түскен. Негізгі жұмыс бағытым математика, физика, информатика пәндерінен білім деңгейі төмен, қызығушылығы жоқ оқушылармен жұмыс және деңгейін жоғарылату. ҚазҰҚПУ-де "робототехника" лабораториясының жетекшісі болғанмын. Қазіргі таңда оқушыларым өзіммен қатар мұғалім болып жұмыс істейді. "Elite School KZ" мектебіне 2022 жылы математика пәні мұғалімі болып орналасып, 2023-2024 оқу жылында мектеп Директоры лауазымына ауыстырылдым.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау