Жаңалық санаттары:
- Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз

Мектеп оқушылары арасында дебат
2024 жылдың 22 қазан күні 7-9 қазақ, орыс сынып оқушылары және қазақ ұлттық қыздар педагогикалық униерситетінің тәжірибе алмасушылары арасында мектепішілік дебат ойыны өткізілді.
Мектепшілік дебаттың мақсат міндеттері:
- пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану,
- оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көметеседі.
- өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге қалыптастыру.
- шығармашылық қабілетті шыңдау
- тапқырлық
- зеректік
- сын тұрғыда ойлауға дағдыландыру
- өз ойын ашық айтуға үйрету
- көпшілік алдында сөйлеп үйрету
Дебат барысы оқушылар мен тәжірибе алмасушылар «үкімет», «оппозиция» топтарына бөлініп қарар сұрақтары бойынша пікірсайыстырды.
«Мамандық таңдауда сыртқы факторлардың әсері мол» және «әлеуметтік желілердің пайдасынан зияны көп» қарарлары бойынша биылғы оқу жылында алғашқы рет дебат ойыны өткізілді.
Ойынға қатысушылар берілген қарар тақырыптары бойынша тартысты ойын көрсетті. Тақырыптар толықтай ашылып, факты, аргументтер толықтай келтірілді. Залдағы көрермен оқушылар, мұғалімдер пікір білдіріп, ойларымен бөлісті және өз дауысын қай топқа беретіні жөнінде айтты. Ойын нәтижесінде достық жеңді.
Көру саны: 9
Соңғы өзгерту уақыты: Мамыр 17, 2025, 5:28 Т.Қ.