Жаңалық санаттары:

  • Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз
«Үш бәйтерек» әдеби жобасы

«Үш бәйтерек» әдеби жобасы


2024 жылдың 11 қазан күні Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласы қоғамдық даму орталығының» ұйымдастыруымен Алматы қалалық кітапханасында барлық жалпы білім беру (мемлекеттік, республикалық, жекеменшік мекемелер) ұйымдарының 8,9-сынып оқушылары арасында қазақ әдебиеті пәнінен «Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин» туылғанына 130 жыл толуы аясында республикалық «Үш бәйтерек» әдеби жобасы өткізілді.

 «Үш бәйтерек» әдеби жобасын жүзеге асыру II кезеңмен өткізіледі:          I кезең – тақырыптық эссе номинациясы; II кезең – әдеби оқу номинациясы.

Эссе номинациясына қатысушылар онлайн форматта ұйымдастырушылар тарапынан берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. Әдеби оқу номинациясына қатысқан оқушылар қалалық кітапхана базасында өз өлеңдерін немесе үш бәйтерек өлеңдерін нақыына келтіріп, мәнерлеп жатқа орындады.

Жобаға Алматы облысы, қаласы бойынша 150 жуық оқушы қатысты. Нәтижесінде 7 оқушы және Асқар Гүлназ Болатқызы ұйымдастырушы орталықтың арнайы «Алғыс хаттарын» иеленді.



Көру саны: 69
Соңғы өзгерту уақыты: Шілде 1, 2025, 7:15 Т.Ж.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау