Жаңалық санаттары:
- Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз

«Дарынды балаларға-талантты ұстаз»
2024 жылдың 17 қазан күні Талғар қаласы, №6 мектеп базасында «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Педагогикалық олимпиданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- жас педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру;
- педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін арттыру;
- жас мамандардың педагогикалық қызметін талдау және өзін-өзі жетілдіру, олардың шығармашылық қабілеттерін және белсенді кәсіби позициясын дамыту үшін жағдай жасау.
- Жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында кәсіби қарым-қатынас, өзін-өзі көрсету және әріптестерін қолдау үшін мүмкіндік жасау.
Педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне Талғар ауданы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын 32 жас маман қатысты. «Elite School KZ» мектебіміздің намысын педагог-психолог және қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қол моторикасы пәні мұғалімі Алмабекова Меруерт Нурланкызы қорғап қайтты.
Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді.
1 тур – TED форматында өзін-өзі таныстыру,
2 тур - сабақ фрагментін өткізу
Нәтижесінде 3 жас маман І, ІІ, ІІІ дәрежесі дипломмен және 5 педагог
арнайы номинациялармен марапатталды. «Шығармашыл педагог» номинациясымен Алмабекова Меруерт Нурланкызы марапатталды.
Көру саны: 66
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:12 Т.Қ.