Жаңалық санаттары:
- Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз

7-8 сынып оқушылары арасында олимпиада
2024 жылдың 9-10 желтоқсан күндері онлайн форматта мектеп базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін, іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау.
Олимпиада келесі пәндер бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізіледі: жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, информатика, биология, физика, география, химия) және қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі (орыс сынып), орыс тілі (қазақ сыныбы), Қазақстан тарихы).
Онлайн олимпиаданы бақылауға Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы №29 мектептің информатика пәні мұғалімі Жадыра Меркібаева келіп, академиялық адалдықтың сақталуына жауап берді.
Олимпиада нәтижесінде оқушылар ІІ,ІІІ жүлделі орындарды иеленді.
ІІ орын иегерлері:
Онгарбек Даулет – Қазақстан тарихы, жетекшісі: Б.Б.Мейірхан
Редясебов Хадис – қазақ тілі (орыс сыныбы), жетекшісі: Н.И.Байгозиева
Қаржаубай Нұрасыл – физика, жетекшісі: Ж.М.Кульжан
Ораз Адия – ағылшын тілі, жетекшісі: А.Ж.Аманжолова
ІІІ орын иегері:
Асқар Айбек – математика, жетекшісі: Т.К.Кабдрахманов
Көру саны: 64
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:22 Т.Қ.