Жаңалық санаттары:
- Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз

5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА
2024 жылдың 14 қараша күні 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 сыныптар «Elite School» мектебі базасында онлайн форматта өткізілді.
15 қараша күні 6 сыныптар Талғар қаласы, №25 мектеп-гимназия базасына барып олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып келді.
Олимпиданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін, іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау.
Олимпиада нәтижесі бойынша 8 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
І орын иегерлері:
Сағат Дания – Қазақстан тарихы, жетекшісі: Мейірхан Ботахан;
Нұртазин Нурсултан – қазақ тілі мен әдебиеті, жетекшісі: Асқар Гүлназ;
ІІ орын иегерлері:
Ержан Әмина – қазақ тілі мен әдебиеті, жетекшісі: Байгозиева Нуркуль;
Тұрсынбай Кәусар – жаратылыстану, жетекшісі: Жарасова Асель;
Аргимбаева Полина – орыс тілі, жетекшісі: Калиева Асель;
Искараева Тамила – қазақ тілі (орыс сыныбы), жетекшісі: Байгозиева Нуркуль;
Есенғали Жаныбек – математика, жетекшісі: Кабдрахманов Тлек;
Амантаев Жангир – ағылшын тілі, жетекшісі: Севастьянова Екатерина.
Көру саны: 65
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:15 Т.Қ.