Жаңалық санаттары:

  • Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз
"Жарқын болашақ" олимпиадасы

"Жарқын болашақ" олимпиадасы


         2024 жылдың 30 қаңтар күні Талғар қаласы, №3 мектеп «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

         Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

  • мемлекеттік тілдің тілдің қолдану аясын кеңейту;
  • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
  • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту;
  • оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;
  • тұлғаның өзін- өзі дамуына, өзіндік және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

          Аудандық кезеңде, «білгірлер бәйгесі», , «сөз шеберлері», «әнші-бұлбұлдар» бағыттары бойынша бақ сынасты. Талғар ауданының жалпы білім беретін мектептердің 8-11сынып оқушылары қатысты. Олимпиада нәтижесі қазақ және өзге ұлт өкілдері болып бөлініп бағаланды.

         Мектебімізден олимпиадаға «жас қаламгер» бағыты бойынша Ораз Адия, «бейнелеушілер» бағыты бойынша Ғабдулла Рамина, «әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Окен Балауса қатысты. Нәтижесінде Окен Балауса І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.



Көру саны: 88
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:48 Т.Қ.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау