Жаңалық санаттары:

  • Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз
«Алтын тұғыр» олимпиадасы

«Алтын тұғыр» олимпиадасы


         2024 жылдың 1 қараша күні Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылындағы №19 мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты:

  • бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру;
  • мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

  • мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді анықтау, қолдау, ынталандыру;
  • жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындалуға уақыт беру;
  • бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • республика көлемінде бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибе алмасуына ықпал ету.

Олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 7 мұғалім қатысып, олимпиадаға қатысушы 185 аудан мұғалімдерімен бақ сынасып келді. Олимпиада нәтижесінде:

І орын иегері – Абдимавланова Динора Абдисаламовна;

ІІ орын иегері – Муратхан Назира;

Грамота иегерлері:

  • Какимова Акдидар Омирсериковна;
  • Ливерова Нурбуви Рахметовна;
  • Дадоджанова Шахзода Мамыровна 


Көру саны: 59
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:38 Т.Қ.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау