Жаңалық санаттары:

  • Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз
«Педагогикалық дебют»

«Педагогикалық дебют»


             2024 жылдың  18 қазан күні Талғар ауданы, №44 мектеп базасында «Педагогикалық дебют» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жас педагогтердің шығармашылық еркіндік кеңістігін, зерттеушілік ізденістің бағытын таңдау, өзін-өзі көрсету, тұлғалық және кәсіби дамуын қалыптастыру.

Байқаудың міндеттері:

  • Педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін арттыру;
  • жас педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіру;
  • жас педагогтарды оқу-тәрбие үдерісінде инновацияларды іздеу және іске асыруға ынталандыру;

Байқау 2 тур  бойынша өткізілді.

1 тур - өзін-өзі таныстыру;

2 тур – «Ықшам сабақ» бетпе-бет форматында.

            Талғар ауданы бойынша бұл байқауға 28  жас маман қатысып, 3– мұғалім І, ІІ, ІІІ  дәрежелі дипломдармен,  5 – жас маман арнайы номинациялармен марапатталды.

   Мектебіміздің химия пәні мұғалімі Есениязова Назерке Мұхамбетжанқызы қатысып, «шығармашыл педагог» номинациясымен марапатталды.



Көру саны: 84
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:57 Т.Қ.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау