Жаңалық санаттары:

  • Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз
Лингвистикадан республикалық олимпиада

Лингвистикадан республикалық олимпиада


         2024 жылдың 6 қараша күні Талғар қаласы, №25 мектеп базасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

         Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

          Олимпиада аудандық, облыстық, республикалық үш кезеңде өткізіледі.

Олимпиадаға жалпы білім беру ұйымдардың, жекеменшік мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

          Олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары Бакранова Айнель, Тынышбек Аруна, Душка Глеб, Анатолий Әлинұр қатысты. Олимпиада да әр елдің тілдерінше логикалық есептер тапсырма түрінде берілді. Нәтижесінде 9 сынып оқушылары Анатолий Әлинұр ІІІ орын, Душка Глеб І орын иеленіп, облыстың кезеңге жолдама алды.

          2024 жылдың 20 қараша күні Қонаев қаласы, қазақ мектебінде лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Душка Глеб облыстық кезеңге қатысып, оқушылармен тәжірибе алмасып келді.

         



Көру саны: 130
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:56 Т.Қ.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау