Жаңалық санаттары:
- Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз

Салтанатты марапаттау рәсімі
2025 жылдың 14 қаңтар күні мектеп акт залында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегерлері мен кітап оқу байқауы жеңімпаздарын салатанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Марапаттау рәсімінде мектеп құрылтайшысы және директоры Сейсембаева Жанар Айтбергеновна түрлі бағыттағы жарыс, олимпиадаларға қатысып, мектеп абыройын асқақтатып, жүлделі орын иеленген оқушыларға өз тарапынан бір айлық оқу ақысына 100%, 50%, 20%, 10% білім гранттарын табыстады.
Білім грантын табыстаудың мақсаты:
- оқушыларға мотивация беру,
- білім шыңын бағындыру арқылы ата-анасына қаржылай көмек көрсете алатынын дәлелдеу,
- табыс табуға баулу
Салтанатты жиында 7-8, 9 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.
ІІІ орын және 1 айлық оқу ақысына 20% БІЛІМ ГРАНТЫның иегерлері
- Математика пәні бойынша 8 «А» сынып оқушысы Асқар Айбек Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Кабдрахманов Тлек
- 3 место по математике ученик 9 «К» класса Душка Глеб Руководитель: Умаева Асят Мачуковна
- Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша 9 «А» сынып Окен Балауса Жетекшісі: Асқар Гүлназ Болатқызы
- 3 место по английскому языку ученица 9 «K» класса Ли Элина. Руководитель: Аманжолова Акмарал Жеткербаевна
ІІ орын және 1 айлық оқу ақысына 50% БІЛІМ ГРАНТЫның иегерлері
- Оңғарбек Дәулет, история Казахстана, руководитель: Мейірхан Ботахан Бахтиярұлы
- Редясебов Хадис, қазақ тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында, жетекшісі: педагог-зерттеуші Баигозиева Нуркуль Ильясовна
- Қаржаубай Нұрасыл, физика пәні. Жетекшісі: Кульжан Жанна Мадияровна
- Ораз Адия, ағылшын тілі, жетекшісі: Аманжолова Акмарал Жеткербаевна
- Асанбек Қанат информатика пәні, жетекшісі: Калиев Данияр Серикович
Марапат иелерінің ата-аналары мен олимпиадаға дайындаған пән мұғалімдеріне алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қоса, мектебімізде «оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу байқауы ұйымдастырылған болатын. 5-9 сынып оқушыларына берілген шығарма Бердібек Соқпақпаевтің «Менің атым Қожа» повесті. Байқау нәтижесінде келесі оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті.
Алғыс хат және 1 айлық оқу ақысына ,10%, 20% БІЛІМ ГРАНТЫның иегерлері:
- Тұрсынбай Мансұр, 6 «А» сынып оқушысы
- Иса Али, 6 «К» сынып оқушысы
- Қаржаубай Бота, 5 «А» сынып оқушысы
«Алғыс хат»: Абдыкаримова Дамели,6 «К» класса; Ержан Әмина, 5 «А» сыныбы
Көру саны: 76
Соңғы өзгерту уақыты: Маусым 7, 2025, 4:29 Т.Қ.