Жаңалық санаттары:

  • Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз
Мектепішілік дебат

Мектепішілік дебат


2024 жылдың 2 қазан күні мектеп мұғалімдері мен қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университетінің тәжірибе алмасушылары арасында мектепішілік дебат ойыны өткізілді.  

        Дебат ойынының мақсаты мен міндеттері:

- оқу жылында жаңадан келген мұғалімдер арасындағы достық қарым-қатысты нығайту;

- жас мамандарды сахна мәдениетіне баулу;

- сауатты сөйлеп, өз ойын дұрыс жеткізуге бағыттау;

- сөз тапқырлығын шыңдау;

- жан-жақтылыққа үйрету;

- достық қарым-қатынасты нығайту

- сыни тұрғыда ойлап үйренуге дағдыландыру.

       Дебаттың қарар тақырыбы «Қазіргі жаңа технологиялар сабақты шоуға айналдырады», «жекеменшік мектеп білім әлде бизнес. Жекеменшік мектеп білімдегі бәсекелестікті тудырады» қарарлары бойынша ойын көрсетілді. Бұған  дебат сабақтары жүргізілетін сынып оқушылары көрермен ретінде қатыстырылып, өз әсерлерімен бөлісті. Және берілген қарар бойынша қатысушылар біраз тың ақпараттармен бөлісті. Көптеген статистикалық дәлдемелер келтірілді. Үкімет, оппозиция топтары да керемет дайындықпен келіп, тартысты ойын болды.



Көру саны: 29
Соңғы өзгерту уақыты: Мамыр 17, 2025, 5:38 Т.Қ.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау