Жаңалық санаттары:

  • Сіз әлі жаңалықтар санатын енгізген жоқсыз
Мектепішілік семинар-коучинг

Мектепішілік семинар-коучинг


2024 жылдың 26 қыркүйек күні педагог-зерттеуші, география пәні мұғалімі Жарасова Асель Ондасыновна «PISA бағдарламасы бойынша ғылыми құзыреттіліктерді дамыту арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне семинар коучинг өткізді.

   Коучинг барысында PISA ұғымы жайында жалпы ақпарат берілді. Кері байланыс алынып мұғалімдерге экранда суреттер, графиктер көрсетіліп, сол жайында ойларымен бөлісті.

  PISA - бұл халықаралық (ЭЫДҰ – Экономикалық Ынтымақтастық Және  Даму Ұйымы), 15 жастағы оқушылардың өз білімдерін белгілі бір құзыреттер жиынтығын көрсету үшін пайдалану қабілетінің салыстырмалы көрсеткіші.

Негізгі нәтиже - оқушылардың ғылыми білім мен ақпаратты интерактивті түрде пайдалану қабілетін бағалау; ғылымға қатысты мәселелермен айналысу және саналы шешім қабылдау үшін рефлексивті азамат ретінде ғылым идеяларымен жұмыс істеу. Бұл барлық оқушылар үшін ғылыми білім берудің басты мақсаты.

Асель Ондасыновна 10 күнге Сингапур еліне барып PISA бойынша білімін жетілдіріп келген болатын. Сипгапур елінің білім беру саласындағы өзгерістері жайында тың ақпараттар берілді. Қазақстанның білім беру саласының ақсап тұрған тұстары, шет елдік білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар айтылып, салыстырмалы түрде мысалдар келтіріліп, талқыланды. Сонымен қатар, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру жолдары қарастырылды.



Көру саны: 8
Соңғы өзгерту уақыты: Мамыр 17, 2025, 5:47 Т.Қ.

Біздің контактілер

Алматы картасында қарау